Қазақстанда жеті жылда 1342 мектеп салынды

Фото: Gemini ИИ

Қазақстанда соңғы жеті жыл ішінде 1342 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде үш ауысыммен оқытатын мектептер саны 5 есе, апатты мектептер 2 есе азайған. Ал оқушы орындарының тапшылығы 4 есе қысқарды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Сонымен қатар білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатына тағы 90 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде оның 83-і пайдалануға берілген. Қалған 7 мектепті жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.