Президент Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеретін комиссия құрды

Сурет: t.me/aqorda_resmi

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне кешенді тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын, — делінген құжатта.

Комиссия құрамы:

Балаева Аида Ғалымқызы — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;

Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Жиенбаев Ержан Нұрланұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

Элиманов Жанат Қалдыбекұлы — Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;

Тәкиев Мәди Төкешұлы — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы — Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;

Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;

Әмрин Азамат Кемеңгерұлы — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндауға тиіс.