Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Алдымен өзін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстырған адам SMS-кодты айтуға көндірген. Кейін «банк қызметкерімін» деген екінші адам ақшаны «қауіпсіз есепшотқа» аударуға көндірген. Жәбірленуші банкомат арқылы ақшасын шешіп алып, көрсетілген есепшотқа аударған. Кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Полицейлер жедел әрекет етіп, ақша түскен есепшоттарды анықтап, транзакцияларды бұғаттаған. Нәтижесінде 1,7 млн теңге толықтай иесіне қайтарылды. Полиция тұрғындарды бейтаныс адамдардың қоңырауына сенбеуге, SMS-кодтарды, жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін ешкімге айтпауға шақырды.
Дереккөз: t.me/qazaqstantv