Талдықорғанда автобус жаяу жүргіншіні қағып, әйел адам көз жұмды

Фото: Gemini ИИ

Полицияның мәліметінше, жол апаты реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Автобус жүргізушісі жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.

Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автобус айып тұрағына қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.