Жамбыл облысында пойыз қағып кеткен 70 қойдың иесі 21 625 теңге айыппұл төлейді

Фото: Life09

Оқиға 2 қазан күні Жұма – Тамды теміржол аралығында болған. Жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 қойды қағып кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ztb_qazaq-қа сілтеме жасап.

Көлік полициясы малдың иесін анықтады. Ол Тараз қаласының 66 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адамға теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК, яғни 21 625 теңге айыппұл салынды.

Жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежеуіне байланысты 1166 жағдай тіркелген. Оның 881-іне теміржолға үй жануарларының шығуы себеп болған.