Жол саласында 8 млрд теңгенің заң бұзуы анықталды

Фото: Gemini ИИ

Қазақстанда автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде 33 қылмыстық іс тіркелді. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 8 млрд теңгені құраған. Ал заңсыз әрі негізсіз жарияланған тендерлердің күшін жою нәтижесінде бюджеттен 36 млрд теңге үнемделген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен автомобиль жолдары саласын реформалау жөніндегі кеңесте айтылды.
Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өміралиевтің сөзінше, тексеріс барысында кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған жолдарды қайта жөндеуге тендер жариялау деректері анықталған.
Жол сапасын арттыру үшін құрылыс нормативтерін жаңарту, заманауи технологияларды енгізу және ауыр жүк көліктерінің салмағына бақылауды күшейту ұсынылды.
Олжас Бектенов жұмыс тобына қараша айының соңына дейін жол саласын реформалау жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.