«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 25-і күнгі күн райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамына қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, жауын жауып, еліміздің солтүстігі мен шығысында көбіне қар жауады, түнде оңтүстік-батыста нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады, елдің солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады.
Түнде Түркістан облысының батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, күндіз тау асуларында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз облыстың шығысы мен таулы аударында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, өңірдің солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз орталығында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Павлодар облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде шығысында, күндіз батысы мен солтүстігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болып, түнде батысы, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, шығысында жаяу бұрқасын соғады, күндіз шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының солтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында тұман түсіп, батысы мен оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.