24 маусым – судья және сот қызметкерлері күні!
Сот беделі – мемлекеттің беделі.
Судьялар мен сот саласы қызметкерлерінің білімі, іскерлік қабілеті, күш-жігері халықтың заңды құқығы мен ар-намысын қорғауға бағытталған.
Қазақстанның сот билігі сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қарқынды даму үстінде.
Құрметті сот және сот жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді осы айтулы күні кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, баянды бақыт тілейміз.