BANNER

Мәжілістің екі депутаты өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Фото жүктелмеген

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің мәлімдеуінше, халық қалаулылары депутаттық өкілеттілігін тоқтатуға өз еріктерімен өтініш берген. Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.