Мәжіліс депутаты өз еркімен міндетін атқарудан босату туралы өтініш берген. Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық арнасы хабарлады.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар бұл ұсынымға дауыс беріп, Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады.
Сондай-ақ депутат Владимир Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.