BANNER

Жолдарды, қасбеттер мен шатырларды жөндеу: Топар кенті қалай абаттандырылуда

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Топар кентінде 36 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылып, шатырлары жөнделіп, жолдар ретке келтіріліп, жаңа контейнерлік алаңдар орнатылуда.

Көпқабатты үйлердің тұрғындары қасбеттер үшін сары және кірпіш түстес бояуды өздері таңдады. Жұмыстарды күзге дейін аяқтау жоспарлануда.

– Үйлер 40 жылдан астам уақыт бойы жөнделмеген. Түстерді біз тұрғындармен келісім бойынша таңдадық. Сондай-ақ, кентте ҚТҚ жинауға арналған 10 жаңа контейнерлік алаң орнатылуда, – дейді кент әкімі Марғұлан Сафаров. – Бұдан басқа, Ауыл-3 ауданында және Жастар көшесі, 16 мекенжайында 2,3 км жол жасалуда. Ауыл-3-ке су өткізгіш құбырлар саламыз.

Жөндеу жұмыстары Сары-Арқа, Қазыбек би, Жастар көшелеріндегі автожолдарда, Бейбітшілік бульварында және автостанция ауданында жүргізілуде. Сарыарқа көшесіндегі қоршау жаңартылуда. Болашақта гүл құмыралары орнатылмақ.

– Автокөліктің қауіпсіз қозғалысы үшін ДСУ ауданындағы тосқауылдар жөнделуде. 

Ол стандарттарға сәйкес келмейді, жарық шағылыстыратын элементтері жоқ, – деп атап өтті әкім. – Сондай-ақ, біз 83 жарық бағанасының лампасын ауыстырамыз. Жаңа жылыту маусымына белсенді дайындық жүріп жатыр. 

Абай көшесіндегі 3,5 шақырым құбырды жөндеу және 5 шақырымнан астам магистральдық жылу желілерін ауыстыру қарастырылған. Жұмыс кесте бойынша жүреді.

Кент жаңа оқу жылына да белсенді дайындалуда. Абай атындағы оқу ордасы мен өнер мектебі жөнделуде. Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.

Жақында Топарға кіре берісте және кент ішінде жаңа стелалар мен мафтар пайда болады. 

– Көп жоспарымыз бар, барлығы кенттегі өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту қажет, Сәтбаев, Попович, Мерей көшелеріндегі нөсер арықтарын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейтін боламыз. Олар орнатылғаннан бері жөнделмеген. Сондай-ақ аула алаңдарын абаттандыруға ЖСҚ дайындаймыз. Асфальттау және жарықтандыру жолдары қарастырылатын болады, – деді Марғұлан Сафаров.