11 шілде күні сағат 03-46-да Қарағанды қаласы Аманжолова көшесінде орналасқан «Zuma» мейрамханасында жалпы 40 шаршы метр аумақта шатырдың ағаш қаптамасы мен ағаш төбесі жанды.
ТЖД күшімен өрт 04-56 сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті жоюға 34 адам мен 8 техника жұмылдырылды.
Қарағанды облысының ТЖД барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!
Төтенше жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар!