Қарағандылық Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі санатта Францияда (Мец қ.) үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Metz халықаралық турнирінде Қазақстан намысын қорғады. Біздің спортшы бірінші орынды иеленді.
Теннисшінің жаттықтырушысы Эльмира Әлиева.
Алан Құрманғалиев Коннор Гринді (Англия) 3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) 3:0, Ма Ёнминді (Корея) 3:1, Флавио Мурьені (Франция) 3:2, Ли Сынс (Корея) 3:1, Юлиан Чиританы (Румыния) 3:1, Ян Хао-Джена (Тайбэй) 3:1 есебімен жеңді.