Бүгін, 1 қазан бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да Қарттар күні болып белгіленген. Бұл күн 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында бекітілді. Аталмыш мереке аға буынға құрмет пен тағзым ету күні болып саналады.
Қарағанды облысында 60 жастан асқан 181,6 мыңнан астам адам тұрады. 100 жастан асқан қариялар саны - 25.
Ең ұзақ ғұмыр кешкен әжей Тұмар Ысқақова Нұра ауданында тұрады. Ол 107 жаста. Тұмар апа Шет ауданында дүниеге келген, тұрмыс құрғаннан кейін Нұра ауданы Кертінді ауылына көшіп келген. Ол шаруалардың ауыр еңбегіне ерте жастан төселген, далада жұмыс істеп, мал баққан. Ұлы Отан соғысы кезінде ауылдастарымен бірге майданға сәлемдемелер жинаған, сарбаздарға шұлықтар мен жылы заттар тоқыған.
Жұбайымен бірге екі ұл тәрбиеді. Бүгінде жүз жастан асқан әже немерелері мен шөберелерін тәрбиелеп отыр. Туыстары да қамқорлық жасайды және көмектеседі.
Аға буынның өмірлік тәжірибесі баға жетпес. Жастар ата-бабалардың даналығынан, олардың тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алуы керек.
Бүгінде Қарағандыда төрт Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Аға буын өкілдері бос уақыттарын қызықты және пайдалы өткізе алатын, бір-бірімен байланыса алатын осындай орталықтар басқа қалалар мен аудандарда да жұмыс істейді.