BANNER

Қарағандылықтарды эко-сенбілікке қатысуға шақырады

Қарағанды облысының әкімдігі сайтынан

Қарағанды қаласының "Созвездие" белсенді өмір салты клубы 27 сәуірде өтетін эко-сенбілікке шақырады. Еріктілер Үштөбедегі тас жол бойындағы орман екпелерін тазалайтын болады.

Орманды қоқыстардан тазартудан басқа, тимбилдинг пен табиғатта өтетін ойындар жоспарланған. Ұйымдастырушылар тегін көлік пен тазалау құралдарын ұсынады.

– Барлық ниет білдірушілерді қаламыздың тазалығына үлес қосуға, жаңа адамдармен танысуға және көптеген жағымды эмоциялар алуға шақырамыз, – дейді ұйымдастырушы-эколог Дамир Кәрімов. – Бұл эко-тазплық шарасы болмақ, себебі қоқысты одан әрі қайта өңдеуге тапсыра отырып, бөлек-бөлек жинаймыз. Сіз өзіңізбен бірге тіскебасар, ыстық шай мен су ала салсаңыздар болады. Іс-шара шамамен 17:00-ге дейін жалғасады.

Автобус еріктілерді сағат 13:00-де "Қазақстан" БО тұрағында күтеді.

Ал бүгін "Созвездие" клубы белсенді қарағандылықтармен бірге Кирзаводтың орман екпелеріне көшет егумен айналысты. 

Барлығы 4 мыңға жуық жас ағаш егілді.

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті тұрғындарды 27 сәуірде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілікке шығуға шақырады.