BANNER

Абайлаңыз. Енді алаяқтар әскерге көшті

pixabay.com

Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар атынан белгісіз біреулер әлеуметтік желіде парақша ашып, туған-туысқандарынан ақша талап етуде, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ­baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Алаяқтардың бұл әрекетіне алданып, сан соғып қалған тұрғындарда жетерлік. Бірінші сарбаздың атынан парақша ашып, оған суреттерін салып, алыс-жақын туысқандарды достарының тізіміне қосатын көрінеді. Одан соң әрқайсысына жеке-жеке жазып, белгісіз нөмірге бірлік салуды өтінеді.

"Ал жақыным, қажет болып жатқан шығар" деп бірлік салған адамдар алаяқтарға алданғанын әскердегі бауырымен аптасына 1 мәрте хабарласқануға мүмкіндік берілгенде бірақ біледі.

Ал, әскери бөлім командирлері мұндай жағдайдың расымен көп болып жатқанын айтады. Сондай-ақ әскердегі жауынгерге мемлекет ай сайын 3500 теңге қаражат пен барлық керек-жарақпен қамтамасыз ететінін айтып, ешкімге ақша жібермеу қажеттілігін ескертеді. 

Егер қазір жақыныңыз, туысыңыз не бауырыңыз әскери борышын өтеп жатқан болса, сізде осындай хабарлама алып, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз.