BANNER

АЭС-ты қамтамасыз ету үшін уран қоры жеткілікті ме

pixabay.com

Қазақстандағы атом энергетикасы саласы соңғы жылдары маңызды даму кезеңін бастан өткеруде.

Атом электр станциялары (АЭС) еліміздің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады және энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған. Қазақстан уран қоры жөнінен дүние жүзінде екінші орында және ол дүние жүзіндегі қордың шамамен 14%-ын қамтиды. 2009 жылдан бері Қазақстан әлемдік өндірістің 40%-ға жуығын өндіріп, уран өндіруде әлемдік көшбасшы.

Елімізде 900 мың тоннадан астам уран бар, бұл атом электр станцияларын алдағы ұзақ жылдар бойы отынмен қамтамасыз етеді.

Міне сондықтан да халықаралық сарапшыларында осындай қоры мен ғылыми әлеуеті бар Қазақстан неліктен әлі күнге дейін АЭС салмай жатыр деген сұрақ туындайтын.