BANNER

БҚО-ға бірден бірнеше облыстан Төтенше жағдайлар министрлігінің қосымша күштері келді

pixaboy

22 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан облысына Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау және Абай облыстарынан қосымша күштер мен құралдар келді.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Озерное елді мекенінде төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 20982 әскери бөлім күштері кезекші жүк тиегіштермен бірлесіп, жағалауды одан әрі нығайтуда.

Ал, Оралдағы Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы сегіз сантиметрге көтеріліп, қазір сегіз метр 58 сантиметрге жетті.

«Бөгендер салынып, нығайтылуда, уақытша топырақ үйінділері төгілді» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.