BANNER

Енді жол құрылысына «цифрлық теңге» қолданылмақ

pixabay.com

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, бұл бюджет қаражатын тиімді пайдалануды және ашықтықты қамтамасыз етеді.

Мәселен, жол жөндеуге бөлінген қаражат цифрлық теңге платформасында таңбаланады.

Таңбаланған теңгені тек көрсетілген мақсаттарға жұмсауға болады.

Оны қолма-қол шешуге немесе басқа да бағытта жұмсауға болмайды.

Әзірге жоба екі учаскені қамтиды:

Атырау облысында «Мұқыр-Құлсары» тас жолы;

Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» автожолы.