BANNER

Геннадий Головкин спорттағы жемқорлықты Бас прокурормен бірге жоймақ

Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратура мен Ұлттық олимпиада комитетінің арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық орнату  туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды  Life09 ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл келісімнің мақсаты – спорт саласындағы заңдылықты нығайту, бюджет қаражатын жымқыртпау, басқа да қылмыстарға жол бермеу.

Сондай-ақ құжат салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытындағы да іс-шараларды көздейді.