"Қарағанды балмұздағы", "Қарағанды бройлері" – географиялық көрсеткіші бар бұл брендтер ресми тіркелген. Жақын арада тізімді "Теміртау ірімшігі" толықтыруы мүмкін.
Ұлттық брендтеу мүмкіндіктері туралы Әділет департаментінде айтылды.
Өңірлік брендті тіркеу жергілікті тауар өндірушілердің имиджін арттырады және тауарларды нарықта ілгерілетуге көмектеседі, деп атап өтті ведомствода.
– Аймақты нақтылау тауар өндірісіндегі көпжылдық дәстүр, тәжірибелер мен дағдылар туралы айтуы мүмкін. Ұлттық брендингті дамыту үшін өнеркәсіптік меншік объектілерінің тізбесі "географиялық көрсеткіш" тармағымен толықтырылды. Бұл құқықтық қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Әсел Әубәкірова. – Географиялық көрсеткішті тіркеу үшін өндірістің кем дегенде бір сатысы мәлімделген жерде жүзеге асырылса, жеткілікті.
Қарағанды облысында "AIZA" ЖШС
және "Ақнар" құс фабрикасы өңірлік брендтерін бірінші болып тіркеді.
Өтінімді qazpatent.kz сайтында электронды түрде беруге болады.
Толығырақ ақпаратты және сұрақтарға жауаптарды Қарағанды облысының Әділет департаментінен мына телефондар арқылы алуға болады: 42-05-34, 8-701-730-89-00 (зияткерлік меншік құқықтары бөлімі).