Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінде қайғылы жағдай орын алды. Көпқабатты үйде лифт құлап, салдарынан адам қаза тапты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Болған оқиғаға қатысты абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жасалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.