Түркістан облысының танымал блогері Мұрат Әбділдә әлеуметтік араздық тудырғаны үшін түрмеге қамалған болатын. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Адвокаттары сүйінші жаңалықты әлеуметтік желілеріне жариялады.
Б Әбділләев Kaznet-те әсіре мас күйдегі түсірген тікелей эфирлері және мемге айналған бейнежазбалары арқылы танымал болды.
Алайда оның анайы сөздері мен мас кезде істеген әрекеттерін құзырлы органдар құқық бұзушылық деп таныды. Блогер бұрын екі рет жауапқа тартылған, бірақ сот оған кешірім жасаған болатын. Үшінші рет оған әлеуметтік араздықты қоздырды деп 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, блогер алкогольмен күресу үшін мәжбүрлі емделуден өтті.