BANNER

"Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы анықталды

Ақкербездің инстаграм парақшасынан

13 қарашада Алматыда “Қазақ аруы” байқауы өтті. Қазақ аруын халық дауыс беру арқылы таңдады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен өтетін “Қазақ аруы” байқауының жеңімпазы анықталды.

Қызылорда облысының тумасы 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы – “Қазақ аруы-2024” атанды. Оған тәж және арнайы шапан табысталды.

Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Назерке Мырзағалиева иеленсе, ал үшінші орын алматылық Ақерке Серікжанға бұйырды.

«Қазақ аруы» байқауының биылғы ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдағанында.

Ақкербез Ысқаққызын жеңісімен құттықтаймыз!