BANNER

​​​​​​​Астананың экс-әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

ort.com

Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.