BANNER

Қарағандыда «Отбасы және әйелдер» көшпелі әлеуметтік бюросы ұйымдастырылады

Қарағанды облысының әкімдігі

Ертең, 5 наурызда Қарағандыда «Таир» сауда орталығына барған кезде мамандардан отбасылық-неке қатынастары бойынша заңгерлік кеңестер, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы және басқа да мәселелер бойынша тегін ақпарат алуға болады. Отбасы және әйелдер көшпелі әлеуметтік бюросын «Құқық» қоғамдық қоры құрған Отбасын ресурстық қолдау орталығы ұйымдастырады. Акция Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, прокуратура, әділет департаменті, полиция басқармасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, аудандық әкімдіктер, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ, дағдарыс орталығы, Қарағанды облысының полиция департаменті жанындағы отбасыға көмек көрсету бірыңғай орталығы өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Мамандарға құқықтық және әлеуметтік салалардағы кеңестер, қиын отбасылық жағдайларды шешуде кеңестер алуға болады.

Басталуы: 15:00.

«Таир» сауда орталығының мекенжайы: Космонавтар көшесі, 1/291-құрылыс.