Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева (63 келі) Сербияның Ниш қаласында өткен әлем біріншілігінің чемпионы атанды.
Жерлесіміз ақтық сында Таиландтық Тананья Сомнуекпен кездесті. Аида Әбікеева үш раунд бойы жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша Аида ел құрамасы қоржынына үшінші алтын медальды салды.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!