Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing-2025 бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Финалдық сессияға жолдама алған үш отандасымыз да жеңіске жетті, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Кубок иегерлері атанған қазақстандықтар:
Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін),
Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін),
Жазира Орақбаева (51 келіге дейін).
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы (8 ер, 3 әйел – барлығы 11 спортшы) үш алтын және үш қола медаль жеңіп алды.
World Boxing-2025 турнирінің бұл кезеңі 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтті. Жарысты 2023 жылы құрылған жаңа халықаралық ұйым – World Boxing ұйымдастырды. Бұл федерация бокстың олимпиадалық мәртебесін сақтау мақсатында құрылған болатын және ол 2024 жылы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресми түрде мойындауын тоқтатқан Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) балама ретінде құрылды.
Бразилиядағы бұл турнир – Қазақстан құрамасының World Boxing ұйымы аясындағы алғашқы халықаралық бәсекесі болды.