BANNER

16,3 миллион қазақстандықтың жеке дерегі интернетте тарап кеткен

Pixabay

Тараған мәліметтер қатарында азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекенжайы, тіркеудегі орны, телефон нөмірлері, азаматтығы, ұлты сынды деректер бар.

Ақпараттардың қалай тарағаны әзірге белгісіз. Кейбір нұсқаларға сәйкес, олар жабық Telegram-арналары арқылы сатылған.

Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады дейді.