BANNER

Алматыда 85 жастағы әже ҰБТ тапсырды

Stan.kz

Нұрихан апа бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, жоғары білім ала алмаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Осылайша бала күнгі арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсыруды ұйғарыпты. Жақындарының қолдауымен ол тест тапсыруға келген. Дегенмен компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі келтірген. Кейуана компьютерді үйреніп, келесі жылы қайта келуге ниетті екенін айтты.