Ақмола облысында әйел асырап алған баласын өлтіріп, аулаға көміп тастаған

Сурет: pixabay.com

Ақмола облысында асырап алған екі жастағы баласын өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Бұл қылмыс Щучьеде осыдан 4 жыл бұрын болған. Бес жетімекті қамқорлыққа алғандар екі жасар баланы өлтіріп тастаған. Бірақ оны осы күнге дейін ешкім білмепті.

Қылмыс аяқасты әшкере болды. Әйел асырап алған баласының бірі ауырып, ауруханаға әкелгенде, өлтіріп тастаған баланың құжатын көрсеткен. Ал науқас баланың таяқ жегені мәлім болған. Ақыл есі кем, денсаулығының кінәраты бар бес баланы қамқорлыққа берген жауапты мекеме олардың бірін тіпті о дүниелік болғаннан кейін заңдастырған. Енді олар да заң алдында жауап береді.

Қазір күдікті ретінде 60 жастағы әйел қамуға алынды. Күдіктінің 29 жастағы қызы да тергеліп жатыр.

Жас баланың мәйіті табылуына байланысты ҚР ҚК 99-бабы, 3-тармағы, яғни «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеу басталды.

Қазір сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалды.