Қазақстандағы сейсмикалық датчиктер Қытайда болған кезекті жерасты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.
Жер сілкінісін ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1», - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді.