Бесінші сәуірге Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы

gov.kz

Қарағанды облысында су тасқыны бойынша тұрақты жағдай сақталуда. Негізгі су қоймаларына су ағыны азайды.

– 5 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды облысының аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақтануы жалғасуда. Негізгі су қоймаларына ағындар және олардан төгінділер азаюда. Таңертеңгі сағат 10-нан бастап Жартас су қоймасынан ағызу секундына 127 текше метрге дейін, Ынтымақ су қоймасынан – секундына 500 текше метрге дейін төмендеді, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Нұра ауданында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Онда Нұра өзенінің арнасы бойында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Су деңгейінің 10–15 сантиметрге тұрақты төмендеуі байқалады.

Нұра өзенінің арнасы бойында орналасқан қорғаныс біліктері мен елді мекендер бақылауда.