BANNER

Бишімбаев ісі: алқабилер дауыс беру үшін кеңесу бөлмесіне кетті

Ашық дереккөз

Судья Айжан Құлбаева сұрақтар дайындалып, алқабилердің қатысуымен соттың шешімімен қаралатынын айтты.

Сұрақтар:

Салтанат Нүкенованың 2022 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 9 қарашасына дейін денесінің және басының әр жерінен үнемі ұрып-соғу арқылы физикалық азап шеккені, сондай-ақ ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық азап шеккені дәлелденді ме?

Бұл әрекетті Қуандық Бишімбаев жасағаны дәлелденді ме?

Бұл әрекетке Бишімбаев кінәлі ме?

Жәбірленуші (Салтанат Нүкенова) Қуандық Бишімбаевпен бірге тұрған кезден бастап өз бетінше ақша табуды тоқтатып, материалдық тәуелділікте болғаны дәлелденді ме?