BANNER

Блогер Жанәбіловке қатысты тергеу ісі ресми түрде аяқталды

Фото: Блогерлердің инста парақшасынан

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдіктілер Instagram желісіндегі жұп аккаунт арқылы қаржы жинауға бағытталған алаяқтық схеманы іске асырған. Тергеу материалдарына сәйкес, 2025 жылы олар азаматтарға бағалы сыйлықтар ұтысы бар «оқу курсына» қатысуды ұсынып, қомақты қаражат тартқан.

Алайда тексеру барысында аталмыш курстың нақты құндылығы болмағаны анықталды: оқу материалдарының бір бөлігі ашық, тегін онлайн-ресурстардан алынған, ал қалғанының нарықтық бағасы мүлде көрсетілмеген.

Осылайша, жиналған қаражаттың жалпы көлемі шамамен 247,5 миллион теңгеге жеткен.

Сот шешімімен отбасыға тиесілі мүліктер тәркіленді. Олардың қатарында люкс санатындағы Lamborghini мен Lexus автокөліктері, сондай-ақ Apple компаниясының мобильді құрылғылары бар.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып отыр.