BANNER

Блогерлерге исламды қабылдағаны үшін ай сайын 9 миллион теңге беретінін айтқан – Камаладдин

Сурет: Кадрдан алынған скриншот

"Qamaladin Media" медиа агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Камаладдин қазақ блогерлеріне мұсылмандықты насихаттағаны үшін ақша ұсынылғанын айтты. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Арман Абдоллаға сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, белгілі бір адамдар тобы кей блогерлерге келіп ай сайын өздерінің діни өмір салтын көрсететін контент жасауды ұсынған.

Сондай-ақ, нәтижесінде өзінің де ислам дінін шынайы түрде қабылдауын талап еткен. Ол үшін блогерлерге ай сайын 10-20 мың доллар төлеп тұруға уәде берген.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтып, блогерлерге оранғаны үшін ақша берілетінін айтқан еді. Кейінірек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Дүйсенбай Кенжетай бұл ақпаратқа пікір білдіріп, жоққа шығарған еді.