BANNER

Грузия 1 маусымнан бастап туристер үшін кіру шарттарын өзгертеді

pixaboy

Грузияда 1 маусымнан бастап туристерге арналған жаңа ережелер енгізеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

1 маусымнан бастап барлық келушілер ден болу мерзіміне медициналық сақтандыруды талап етіледі. Саяхат пен ұшуды өз бетінше жоспарлайтын саяхатшылар осы талапқа ерекше назар аударуы керек.

Ресей туроператорлары қауымдастығының  мәліметінше, 10 күндік полисті 1,5 - 3 мың рубльге (шамамен 7 232 - 14 460 теңге) сатып алуға болады. Бұл денсаулығына байланысты бес мың долларға дейін амбулаторлық емделуге кететін шығынды өтеуге жеткілікті.

Сондай-ақ, сақтандыру пакеті 30 мың долларға дейінгі мөлшерде ауруханада емделу шығындарын жабуды қамтуы керек.

Грузияға медициналық сақтандыру полисінсіз кіру әрекеті 300 лари (шамамен 50 мың теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Уақытында төлемесе, 600 лари (шамамен 100 мың теңге) көлемінде қосымша айыппұл салынады. Сонымен қатар, айыппұл бір ай ішінде өтелмесе, 900 лари, яғни шамамен 148 мың теңге төлеуге тура келеді.

Сапарға бес күннен кешіктірмей сақтандыру полисін берген дұрыс. Бұл Грузиямен шекарадағы мәселелерден барынша сақтандыруға мүмкіндік береді.

Жақында Грузияның туризмнен түскен табысы Ковидке дейінгі көрсеткіштен асып кеткені белгілі болды. Қаңтар-наурыз айларында елге 930 мыңнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен 11 пайызға жоғары.