Ішкен жігіт анасының саусағын шайнап тастаған

ашық дереккөз

Павлодар облысында ер адам анасының саусағын тістеп алған.

Арызданған әйелдің 25 жастағы ұлы үйге мас күйінде келіп, ашуланып, басқаларды ұйықтатпаған. Анасы оны тыныштандыруға тырысқанда, ер адам оның саусағын қансырағанша тістеп алған.

“Келген бойда ересек әйелді көрдік. Пәтер қанға боялған еді. Басқа бөлмеден ішімдіктің иісі шыққан ашулы жігіт шықты. Жас жігіт анасына балағат сөздер айтып, саусағын тістеп тастаған”, - дейді патрульдік полиция өкілдері.

Ұсталған азамат әйелімен жанжалдасып, анасына түнеуге келгенін, бірақ үйдегі анасымен бірге тұратын ер адамды көріп, ашуланғанын мойындады.