Қарағанды облысының дарынды жастарын қаржылай қолдау қоры Jas Fund өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Өңірдің жас тұрғындарының республикалық және халықаралық деңгейдегі көшпелі шығармашылық немесе зияткерлік іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ жастардың өздері үшін зияткерлік немесе шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар.
Жастар шығармашылық ұжымдары мен бірлестіктері, бастамашыл топтар, сондай-ақ 14–34 жас аралығындағы жастардың жекелеген өкілдері (қоса алғанда) өтінім бере алады. Үміткерлерді арнайы комиссия іріктейді.
Жалпы қор – 9 млн теңге.
Өтінімдер электрондық пошта jasfund2025@gmail.com бір PDF-файлмен қабылданады.
Анықтама телефоны: 8-775-987-43-16.
Жобаның мақсаты – жастардың, зияткерлік және шығармашылық клубтардың, облыстың жастар қоғамдастығының дамуына жағдай жасау.