BANNER

Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды

Сурет: pixabay.com

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінде екі бүлдіршіннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 4 сәуірде болған.

"Бұқар-Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жария етілмейді.