Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды

Сурет: gov.kz

Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталады. Биыл дәнді және басқа да дақылдарды 1,1 млн га жерге егу жоспарланып отыр.

Дәнді дақылдар егуге арналған алқаптар қысқартылып, майлы дақылдар алқабы 27,3 мың гектарға, жемшөп дақылдары 18,2 мың гектарға ұлғайтылатын болады.

Аппараттық кеңесте көктемгі дала жұмыстарына дайындық туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин баяндады.

– Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ұсынымдарына сәйкес аумақтық аймақтарға байланысты дәнді дақылдарды егудің оңтайлы мерзімі 10–28 мамыр аралығында өтуі тиіс деп анықталды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп отырғызу 11,5 мың гектар алқапқа, көкөніс – 1,2 мың гектарға егіледі деп жоспарланған. Тұқымдарды себу және олардың сапасы маңызды мәселе болып табылады, – деп атап өтті Саят Мусин. – Көктемгі егісті жүргізу үшін 105,3 мың тонна дәнді дақылдар мен 36 мың тонна картоп себілді. Басқа өңірлерде және шетелде тұқым сатып алу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 20 ауылшаруашылық тауар өндірушісі Ресейден 1065 тонна элиталық бидай тұқымын сатып алды.

Техниканы дайындау жұмыстары да жүргізілуде. Егіс науқанына 10 мыңға жуық трактор, 254 егіс кешені, 4 мыңнан астам бірлік сепкіштер және 2,5 мыңға жуық топырақ өңдеу агрегаттары жұмылдырылады.

Суармалы жерлердің ауданы 4,5 гектарға ұлғаяды және 34,8 мың гектарды құрайды.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Қарағанды облысы үшін 17,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

– Ауыл шаруашылығы басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері егіс науқанын сапалы және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етсін. Минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет. Сапаны анықтау үшін тұқымның берілуін бақылауда ұстаңыздар. Ауыл шаруашылығы техникасын егіс науқанына дайындауды және арзандатылған отын жеткізуді қамтамасыз ету керек, – деп тапсырды Ермағанбет Бөлекпаев.