Қарағанды облысындағы Самарқанд, Фёдоров, Шерубай-Нұра су қоймаларында және Балқаш көлінде су көлігін қауіпсіз пайдалану және қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында шағын көлемді кемелерді басқарушылармен кездесулер өтіп, оларға су көлігін және кеме тұрақтарын пайдалану тәртібі түсіндірілді. Барлығы 100-ден астам адаммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Назар аударыңыз! Шағын көлемді флот!» атты жыл сайынғы акция аясында халық жаппай жиналатын су айдындарында рейдтер өткізіліп, кеме жүргізушілерінің тиісті құжаттарының және құтқару құралдарының болуы тексерілді.
Жалпы саны 83 шағын көлемді кеме қаралды. Оның 40-тан астамында заңнама мен қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды.
Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша 68 әкімшілік іс қозғалып.
Сонымен қатар 273,4 шақырым су көлігі жолдары мен 10 өзен кемесіне тексеру жүргізілді.
Суда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жадынамалар әзірленіп, оларды шомылу орындарына орналастыру үшін облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктеріне жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда және жүйелі түрде жалғасатын болады.
Қарағанды облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының мәліметі бойынша