BANNER

Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Gov.kz

Қарағанды облысының шалғай ауылдарында өрт қауіпсіздігі шаралары жетілдірілуде. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Ақтоғай ауданының Ақтас ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол тұрғындары 500-ден асатын екі елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Нысанның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков, ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев және жергілікті тұрғындар қатысты.

Өрт сөндіру пункті техникамен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етілген. Қызметкерлер үшін душ, демалыс бөлмесі мен ас үй бар.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Соңғы жылдары облыста 126 елді мекенге қызмет көрсететін 58 өрт бекеті ашылды. Бұл жұмыс жалғасуда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша