BANNER

Қарағанды облысында жас ауыл дәрігерлері үшін көтерме қолдау 8,5 млн теңгеге дейін ұлғайды

gov.kz

Қарағанды облысында аудандарда жұмыс істеуге дайын жас дәрігерлер үшін көтерме қолдау сомасы 8,5 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Instagram парақшасында айтты.

"Жастарды аудандарда жұмыс істеуге ынталандыру үшін өткен жылдан бастап облыста көтерме қолдау 5 млн теңгеге дейін ұлғайттық. Осылайша біз ауылда кәсіби мансап құруға бел буған 61 адамды қолдадық. Биылғы жылы қолдау сомасын 8,5 млн теңгеге дейін, Теміртау мен Балқаш үшін – 5 млн теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырдым. Сонымен қатар биыл облыс бойынша 12 денсаулық сақтау нысандарын жөндейміз. Олардың ішінде Доскей ауылында медиктерге арналған үйді қалыпқа келтіру де қарастырылған. Жақын арада 40 адам қоныс тойын тойлайды", – деп жазды Қарағанды облысының әкімі Instagram парақшасында.