Қарағанды облысының білім басқармасы Шет ауданының оқушыларын жатақханадан шығару туралы прокуратураның өтінішіне жауап берді. Ведомство балалардың қауіпсіздігі үшін көшу ұйымдастырылғанын түсіндірді.
Басқарманың мәліметінше, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп (ресурстық орталық) базасында интернат құру туралы шешім өткен жылдың наурыз айында сол кездегі интернаттың қашық болуына байланысты қабылданды.
"Интернат ғимараты мектептен 3 км-ден астам қашықтықта Республикалық трассаға жақын орналасқан, оқушылар үшін жол қауіпті. Ы. Алтынсарин атындағы мектептің жанында жайлы мектеп салу туралы шешім қабылданды, жұмыс істеп тұрған ғимаратты одан әрі интернат ретінде пайдалану жоспарланған болатын.
Облыстық прокуратураның нұсқамасына сәйкес балалар ескі интернат ғимаратына қайтарылды. Олар үшін мектеп автобусымен тасымалдау ұйымдастырылды, - деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасы.
Сондай-ақ, ведомствода Шет ауданының білім бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Осы жылдың наурыз айында онымен еңбек шарты бұзылды.