Қарағанды медициналық университетінің қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияларды қайта ресімдеу кезінде ЖОО техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын біліктілік талаптарын растамады. Нәтижесінде 3-4 курстың 218 студентінде оқуын жалғастыратын мүмкіндігі жоқ.
Облыс әкімдігі университет тарапынан студенттер арасында қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоқтығына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл жағдай оқушылар мен оқытушылар үшін қосымша қиындықтар туғызды.
Әкімдік студенттер мен қызметкерлер үшін білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды жүргізеді.
Облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәіурбековтың басшылығымен мәселені шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда студенттерді басқа медициналық колледждерге ауыстыру және колледж педагогтарын жұмысқа орналастыру шарттары талқылануда.