Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы «Әйел – өмірдің бұлағы» тегін сабақтарына шақырады. Онда қазақстандық суретшілердің еңбектеріндегі әйел бейнесінің уақыт өте келе қалай өзгергені туралы айтылады.
– Сабақта біз әйелдің бейнесін әр түрлі сипатта ашамыз: қыз бала, ана, әже. Талдау үшін Мұрат Қалқабаевтың «Аналар», Салихиддин Айтбаевтың «Сестры», Иван Стадничуктың «Алмаатинка» сияқты қазақстандық суретшілердің бірнеше картиналары таңдалды, – деді бейнелеу өнері мұражайының жетекшісі Бибігүл Құдабаева.
Мұражай сабақтары 11–20 наурыз аралығында сағат 10:00–16:00 аралығында өтеді.
Оларға қатысу үшін (8-7212) 475-475 телефонына қоңырау шалу арқылы жазылу қажет.
Бір сабақтың ұзақтығы – 40–45 минут.