28 мамыр Қарағанды қаласының Ә.Бөкейханов ауданында 36 жастағы "Шевроле Кобальт" автокөлігінің жүргізушісі Магнитогорск көшесімен келе жатып, жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан 66-жастағы жаяу жүргінші қағып кетті. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші оқиға орынында көз жұмды. Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Қарағанды облысының Полиция департаменті жаяу жүргіншілерден жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.