20 қыркүйектен бастап елімізде ауыл шаруашылығысанағының екінші кезеңі өтеді. Интервьюерлер барлық елдімекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Жалпы саны шамамен 1,2 млн үй шаруашылығын қамту жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліпотыр. Оның мақсаты – аграрлық саланың жағдайы туралытолық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдықокругтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен құстың болуы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтерсұралады.
«Біз санақтың онлайн кезеңін аяқтадық, ол кезде ауылшаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтарыныңсауалнаманы sanaq.gov.kz сайтында толтыру мүмкіндігіболды. Ол кезеңге 600 мыңнан астам респондент қатысты. Енді ауқымды кезең басталды: интервьюерлер үйлердіаралап, деректерді планшет арқылы жинайды. Баршаңыздышараға белсенді қатысуға және өзекті ақпарат беругешақырамыз. Сұрақтар қарапайым әрі тек ауылшаруашылығы қызметіне қатысты болады. Барлық жауапстатистикалық мақсатта пайдаланылады және үшіншітұлғаларға берілмейді», – деді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Үй-үйді аралау жұмысына 2,5 мыңнан астам интервьюер жұмылдырылады. Олар айрықша көк түсті формада – жилетпен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауғаарналған QR-код орналасады. Егер үй иелері үйінде болмаса, интервьюер байланыс нөмірі көрсетілгенхабарландыру қалдырады.
Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді. Барлық жауап заңменқорғалады, ал деректер тек жалпыланған түрдеқолданылады. Сұрақтар туындаған жағдайда Бюроныңбайланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы хабарласуғаболады (жұмыс уақыты 9.00–21.00, қоңырау шалу – тегін).
1 тамызда басталған Ауыл шаруашылығы санағы, 20 қазанға дейін жалғасады. Жиналған деректер салағақатысты мәліметтерді жаңартуға және ауыл шаруашылығындамытуға арналған шешімдер қабылдауға негіз болады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағыныңофлайн кезеңі басталады

Pixabay