BANNER

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттайды

Сурет: pixabay.com

Шілдеде дәрілік заттарды таңбалаудың басталуымен фармацевтикалық препараттардың бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

«Астана» телеарнасының мәліметінше, фармацевтикалық бизнес нысандарының иелері бағаны кем дегенде 5% көтеруге мәжбүр. Себебі, олар қымбат құрал-жабдықтарды сатып алып, жаңа мамандарды тартады.

Өңірлер арасында фармацевтикалық өнімдер бағасының өсімі бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мұнда дәрі-дәрмек 18,4 %-ға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Астана мен Шымкент қалалары тұр. Ал ең төмен баға Маңғыстау облысында тіркелген.

Үкімет дәрілік заттарға таңбалауды енгізу елдегі контрафактілік өнімдер мен дәрі-дәрмектің заңсыз сатылу көлемін азайту үшін қажет дейді. Дегенмен Қазақстандық тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы мұнымен мәселе шешілмейтініне сенімді. Онымен кеденде айналысу керек дейді мамандар.

Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаровтың сөзінше, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір қымбат.